Мамандандырылған медициналық көмек бөлімшесі бекітілген халыққа мамандандырылған консультациялық-диагностикалық, емдік көмек көрсету жөніндегі құрылымдық бөлімше болып табылады.
Бөлімше емхананың бас дәрігері бекіткен кесте мен жоспарға сәйкес жұмыс істейді.
Бөлімшенің міндеті – тіркелген халыққа жіті және созылмалы аурулармен амбулаториялық жағдайда мамандандырылған көмек көрсету.
Мамандандырылған көмек бөлімшесі мынадай мамандықтар бойынша білікті медициналық көмек көрсетеді:
- хирургия
- травматология
- урология
- оториноларингология
- офтальмология
- онкология
- эндокринология
- дерматология
- маммология
- кардиология
- стоматология
- гастроэнтерология
- проктология
- неврология
Хирургиялық бейіндегі барлық кабинеттерде заманауи жабдықтармен және құрал-саймандармен (таңу үстелдері, «Ультра-Лайт» камералары, диатермокоагуляторлар) жабдықталған таңу бөлмелері бар.
Хирургиялық және травматологиялық кабинеттерде денсаулығына және ауруының сипатына байланысты емханаға бара алмайтын науқастарға емханада және үйде амбулаториялық қабылдауда, сондай-ақ көрсеткіштер бойынша емдеуге жатқызу мәселесін шешуде білікті емдеу-диагностикалық көмек көрсетіледі. Мынадай бейіндер бойынша консультациялық-диагностикалық, емдеу іс-шаралары, шағын операциялық араласулар жүргізіледі:
• хирургиялық
• урологиялық
• офтальмологиялық
• травматологиялық
• оториноларингологиялық
Оториноларингологтың кабинеті оптикалық талшықты оптикасы бар лор-комбайнмен, цифрлық аудиометрмен жабдықталған.
2014 жылы офтальмологтың кабинетіне офтальмологиялық комбайн сатып алынды, оның құрамына саңылаулы шам, рефрактометр, көздің көргіштігін анықтайтын аппарат, көздің ішкі қысымын түйіспесіз өлшейтін аппарат кіреді.
2014 жылы емханада алғаш рет заманауи стоматологиялық қондырғымен жабдықталған стоматолог кабинеті ашылды.
Бөлімшеде УДЗ 3 аппараты, эндоскопиялық жабдықтармен жиынтықтағы эндобейнетірегі, бейнеколоноскоп, 12 арналы электрокардиографтар, велоэргометр, реовазограф, ЭКГ холтер, СМАТ, тредмил, РЭГ, спирограф орналасқан.
Эндоскопиялық кабинетте эндоскопист дәрігер өңештің, асқазанның және 12-ішектің фиброгастродуоденоскопиясын эндоскопиялық зерттеудің барлық түрлерін жүргізеді, эндоскопиялық жабдығы бар жиынтықта қосымша эндобейнетірегі сатып алынған.
2015 жылғы ақпанда пациенттерге ыңғайлы болу үшін заманауи бейнеколоноскоппен және ректороманоскоппен жабдықталған колоноскопия және ректороманоскопия кабинеті ашылды.
УДЗ кабинетінде дәрігер маман іш қуысын, кіші жамбасты, қуық асты безін, қалқанша безді, бүйректі, сүт бездерін, жүректі, мойын тамырларын, сондай-ақ жүкті әйелдерге ұрықтың УДЗ зерттеуді жүргізеді.
2015 жылдың қаңтарынан бастап балалар арасында УДЗ зерттеулерін жүргізетін дәрігер маман жеке оқытылып, жұмыс істейді.
Функционалдық диагностика кабинетінде жоғары санатты дәрігер ЭКГ, ЭКГ холтер, СМАТ, тредмил, РЭГ, спирография зерттеулерін жүргізеді.
Бөлімшеде мынадай кабинеттер жұмыс істейді:
1. физиотерапиялық
2. таңу бөлмесі (2 кабинет)
3. емшара бөлмесі (лор-кабинеттер)
4. ЕДШ және массаж.
5. арнайы оқытылған медбикелер жұмыс істейтін егу бөлмесі.
6. ЖАК
Физиотерапиялық кабинетте қазіргі заманғы медициналық жабдықтарда физиотерапиялық емдеудің барлық түрлері: магнитотерапия, лазеротерапия, небулайзер, сондай-ақ ЕДШ және емдік массаждың барлық түрлері жүргізіледі.
Бөлімше меңгерушісі - Сұлтанғазин Сәбидин Асқарұлы, жұмыс телефоны - 39-12-43, 313 кабинет - 3 қабат.
Бөлімшенің аға мейірбикесі - Абдрахманова Зәуреш Аяғанқызы, 316-3-қабат.