Күндізгі стационар тәулік бойы медициналық бақылауды талап етпейтін терапевтік, хирургиялық, гинекологиялық бейіндегі және оңалтудағы пациенттерге қолжетімді сапалы медициналық көмек көрсетеді. Пациенттер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде ем алады.
Күндізгі стационардың негізгі функциялары стандарттарға және емдеу хаттамаларына сәйкес пациенттерді емдеу.
- Белсенді режим жағдайында емдеу курсын аяқтау үшін тәулік бойғы стационардан ерте шығарылған пациенттерді емдеу.
- Оңалту және сауықтыру кешендi курстық емдеудi жүзеге асыру.
- Күндізгі стационардағы пациенттер арасында санитарлық-алдын алу жұмыстарын жүргізу.
- Сондай-ақ динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулары бар пациенттерді жоспарлы сауықтыру.
40 төсекке арналған. Күндізгі стационарда емделу жоспарлы тәртіппен пациенттің күндізгі стационарға емделуге жолдамасы, осы пациентті емдеу үшін қажетті зертханалық, аспаптық зерттеулердің және бейінді мамандардың консультацияларының нәтижелері болған кезде жүзеге асырылады.
Күндізгі стационар екі ауысымда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.
Пациенттерді емдеуге жатқызуға жазу 223 кабинетте жүзеге асырылады.
Күндізгі стационардың құрылымдық және штат саны:
Дәрігерлік персонал:
Бөлімше меңгерушісі: терапевт дәрігері Трипутень Т.Г. - жұмыс өтілі 35 жыл.
Терапевт дәрігері-: Хабиболла И.Е. - жұмыс өтілі 3 жыл.
Терапевт дәрігері: Сабитова Ж.Г. - жұмыс өтілі 3 жыл.
Реабилитолог дәрігері- Сандибекова А.М. - жұмыс өтілі 3 жыл.
ЖТД дәрігер - Ткачук О.А. - екінші санат- жұмыс өтілі 5 жыл.
ЖТД дәрігер Саутбекова З.С. - екінші санат, жұмыс өтілі 7 жыл.
Мейірбикелер:
Аға мейірбике: - Бұхарбаева Д.А. жоғары санат,жұмыс өтілі -26 жыл.
Ережепова Г.К. - жоғары санат, жұмыс өтілі- 21 жыл.
Баймұхамедова Қ.Б. - жұмыс өтілі -30 жыл.
Зубкова Г.П. - жұмыс өтілі -34 жыл.
Габдулина А.К. - жоғары санат, жұмыс өтілі -22 жыл.
Игізбаева А.Ж. - жоғары санат, жұмыс өтілі -19 жыл.
Сырлыбаева М.С. - жұмыс өтілі -1 жыл 7 ай.
Күндізгі стационарда медициналық көмек көрсету бойынша туындаған барлық мәселелер бойынша Сізден күндізгі стационар бөлімшесінің меңгерушісі: Татьяна Григорьевна Трипутень және аға мейірбике Дина Ақылбекқызы Бухарбаеваға № 203 кабинетке хабарласуыңызды сұраймыз.